1. Жалпыережелер. |
|
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер |
1. «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Экономика және қаржы бөлімі) жергілікті экономика және бюджеттік жоспарлауды басқару, бюджетті орындау, жергілікті бюджетті орындау бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу, коммуналдық меншік объектілерін басқару саласында жетекшіліктіжүзеге асыратынҚазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Экономика және қаржы бөлімінің ведомстволары жоқ, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Қостанай облысы әкімдігінің қаулыларына, Қостанай облысы әкімінің шешімдеріне, Федоров ауданыәкімдігінің қаулыларына, Федоров ауданы әкімінің шешімдеріне, басқада нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Экономика және қаржы бөлімімемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасызаңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазынашылық органдарында есеп шоты бар. 4. Экономика және қаржы бөліміазаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Экономика және қаржы бөлімізаңнамаға сәйкес азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекет атынан түсуге құқылы. 6. Экономика және қаржы бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдерді Экономика және қаржы бөлімі басшысының бұйрығымен ресімдеп, белгіленген тәртіпте қабылдайды. 7. Экономика және қаржы бөлімінің құрылымы және штат санының лимиті аудан әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. 8. Заңды тұлғаның мекенжайы: 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауылы, Красноармейский көшесі, 53-үй. 9. Мемлекеттік органдың толық атауы - «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. 10. Ереже Экономика және қаржы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Экономика және қаржы бөлімінің қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Экономика және қаржы бөліміне Экономика және қаржы бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. |