Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың 17 наурызында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып – «БЖЗҚ-ның онлайн-қызметтері. Қызметтерді үйден шықпай-ақ қалай алуға болады?».
2020 жылы бірқатар шектеу шараларын қабылдауға тура келген эпидемиологиялық жағдайға және коронавирус (COVID-19) індетіне қарамастан, БЖЗҚ тарапынан көрсетілген қызметтер саны 2019 жылмен салыстырғанда 15% ұлғайды.