1) Сәлеметсіз бе, мен бұрын зейнетақы жинақтарым туралы ақпаратты пошта жәшігіме хат алу арқылы білетінмін, бірақ бірнеше жылдан бері бұрынғы мекенжайда тұрмаймын. Жинақтарымды қазір қалай тексеруге болады?
Cізге ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың төмендегі тәсілдері қолжетімді:
- kz сайтындағы жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе пайдаланушының логині мен паролін, біржолғы парольді пайдалана отырып;
- БЖЗҚ мобильді қосымшасында ЭЦҚ немесе пайдаланушының логині мен паролін қолдана отырып;
- cabinet.enpf.kz/porog порталында ЭЦҚ немесе ЖСН және mgov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы түсетін бір реттік парольді пайдалану арқылы;