ЕАЭО еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім қалай жұмыс істейді?

2021 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 20.12.2019 жылғы Келісім (Бұдан әрі – Келісім) күшіне енді. Естеріңізге сала кетейік, Келісімнің негізгі мақсаты – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары сияқты жағдай мен тәртіп бойынша қалыптастыру. Бұл ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыруға арналған құқықтарды өз азаматтарына берілетін құқықтар көлемімен бірдей етіп беруге тиіс дегенді білдіреді.

ЕАЭО еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім қалай жұмыс істейді?
Дата публикации
03 марта 2021