Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық өкілдері 11 адам.
Куантаев А.Д. - Костряков ауылдық округінің әкімі
Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау.
ТЫҢДАЛДЫ:
Мендекинова С.Т. – Федоров ауданы Костряков ауылдық округі ауылдық кітапхана
меңгерушісі.
Ашық дауыспен жиналыстың төрағасы болып Танасов Олег Николаевичті сайлауды ұсынамын.
Дауыс берілді: «Иә» – 11, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.
Нуркина А.А.- Костряков ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
Жиналыстың хаттамасын ресімдеу үшін бізге жиналыстың хатшысын сайлауымыз қажет. Ашық дауыспен жиналыстың хатшысы етіп «Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы Жмайло Наталья Анатольевнаны сайлауды ұсынамын.
Дауыс берілді: «Иә» – 11, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.