Первомай ауылдық округі

 

Қостанай облысы Федоров ауданы

Первомай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының

Х А Т Т А М А С Ы

 

Первомай ауылы                            № 2                             2021 жылғы 11 қаңтар

ауылдық клуб                                                                           09.00

                                                                                           

Жергілікті қоғамдастық жиналысының таңдалған өкілдері 13 адам.

Қатысқандар:

Первомай ауылдық округінің әкімі - Турмин Максим Леонидович

жергілікті қоғамдастық өкілдері тізімге сәйкес 13 адам.

Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау

ТЫҢДАЛДЫ:

Титаренко Людмила Борисовна - «Первомай ОМ» КММ мұғалімі.

     Ашық дауыспен жиналыстың төрайымы болып Первомай ФАП меңгерушісі Карловская Лариса Тадеушевна сайлауды ұсынамын.

Дауыс берді: «Иә» – 13, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.

Жижко Оксана Викторвна – жеке кәсіпкер

Жиналыстың хаттамасын ресімдеу үшін бізге жиналыстың хатшысын сайлауымыз қажет. Ашық дауыспен жиналыстың хатшысы етіп «Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы Хоруженко Валерия Валерьевнаны сайлауды ұсынамын.

Дауыс берді: «Иә» – 13, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.

ШЕШТІ:

  1. Ашық дауыспен жергілікті қоғамдастық жиналысының төрайымы болып Первомай ФАП меңгерушісі Карловская Лариса Тадеушевна сайлансын.
  2. Ашық дауыспен жергілікті қоғамдастық жиналыстың хатшысы болып Хоруженко Валерия Валерьевна сайлансын.

Дауыс берді: «Иә» – 13, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.

  1. КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығын дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы.
  2. Азаматтық бюджетті бекіту туралы.
  3. Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджетін бекіту туралы.

Дауыс берді: «Иә» – 13, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.

бірінші мәселе бойынша сөз сөйледі:

Дружинина Надежда Васильевна – «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маман – бухгалтері

Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығын дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын ұсынамын.

Дауыс берді: «Иә» – 13, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.

екінші мәселе бойынша сөз сөйледі:

Дружинина Надежда Васильевна – «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маман – бухгалтері

Первомай ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған азаматтық бюджетін келісу туралы.

Дауыс берді: «Иә» – 13, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.

үшінші мәселе бойынша сөз сөйледі:

Дружинина Надежда Васильевна – «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маман – бухгалтері

Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджетін бекіту туралы.

     Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджетін бекітуге ұсынамын.

  1. Бюджеттің кіріс бөлігі барлығы-2005,0 мың теңге, оның ішінде

салықтық түсімдер-1940,0 мың теңге, оның ішінде жеке тұлғалардың жеке табыс салығы - 624,0 мың теңге, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық-29,0 мың теңге, елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығы - 39,0 мың теңге, жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық-1248,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 65,0 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер - 65,0 мың теңге;

трансферттер түсімі-14084,0 мың теңге, оның ішінде аудандық бюджеттен берілетін субвенциялар көлемі-14084,0 мың теңге.

  1. Бюджеттің шығыс бөлігі барлығы-16089,0 мың теңге, оның ішінде келесі бағдарламалар бойынша:

124001 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» - 13177,0 мың теңге;

124022 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» - 636,0 мың теңге;

124008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» - 1339,0 мың теңге;

124011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» - 649,0 мың теңге;

124013 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» - 288,0 мың теңге.

Дауыс берді: «Иә» – 13, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.

 

ШЕШТІ:

  1. Первомай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман бухгалтерінің ақпараты назарға алынсын.
  2. Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы бекітілсін.
  3. Азаматтық бюджет бекітілсін.
  4. Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті бекітілсін.

 

        

    Жергілікті қоғамдастық

    жиналысының төрайымы                            Л. Карловская

 

    Жергілікті қоғамдастық

    жиналысының хатшысы                                  В. Хоруженко

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Первомай ауылдық округі
Дата публикации
19 февраля 2021