Салымшылардың зейнетақы жинақтарын алуға берген өтініштерін қабылдамаудың бес негізгі себебі және оларды жою жөніндегі ұсынымдар

Уәкілетті операторлардан келіп түскен біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға арналған өтінімдерді талдау нәтижесінде мынадай негізгі себептерді бөліп көрсетіп, оларды жою мен алдағы уақытта болдырмау жөнінде кеңестер беруге болады.

 

          Бірінші себеп: салымшының уәкілетті операторға берген өтінішінде алуға болатын соманың қате, оның ішінде қолда бар зейнетақы жинақтарының мөлшерінен асыра көрсетілуі.  

          Ұсыным: қолжетімді сома туралы мәліметтерді қоса алғанда, өз зейнетақы жинақтары туралы өзекті ақпаратты (enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте, БЖЗҚ мобильді қосымшасында, egov.kz порталында) тікелей уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға өтініш берер алдында тексеру.

 

            Екінші себеп: жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға болатын соманың  дұрыс көрсетілмеуі.

 Ұсыным: салымшының зейнетақы жинақтарын мақсатты алу (тұрғын үйге, емделуге) кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу бойынша екі тәсілдің бірін таңдауға құқығы бар.

Бірінші тәсіл – ЖТС төлеуді кейінге қалдырып, оны зейнеткерлікке шыққаннан кейін (БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің белгіленген кестесі бойынша) он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен төлеу. Екінші тәсіл – салықты біржолғы зейнетақы төлемін алған кезде бірден толық төлеу. ЖТС төлеу тәсілін уәкілетті операторға беретін өтініште көрсеткен жөн.

Егер салымшы ЖТС төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаса, онда өтініште алуға болатын соманы ЖТС шегерімінсіз көрсету қажет.

Егер салымшы ЖТС-ті толық көлемде бірден төлеуді шешсе, онда ол өтініште алуға болатын соманы 10% мөлшеріндегі ЖТС-ті шегере отырып көрсетуі тиіс.

Екі сома да БЖЗҚ-дан берілетін үзінді көшірмеде салымшыға ыңғайлы әрі өз бетінше таңдау жасау үшін көрсетілген. Салымшы көрсеткен алуға болатын сома БЖЗҚ-дан уәкілетті операторда ашылған оның арнайы шотына аударылатын болады.

 

Үшінші себеп: салымшының өтінішінде алуға болатын сома ең төменгі жеткіліктілік шегі есепке алынбай көрсетілген (мысалы, жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының барлық сомасы көрсетілген).

Ұсыным: өтініште салымшы БЖЗҚ-дан алған үзінді көшірмеде көрсетілген және алуға қолжетімді соманы көрсетуі керек.

Салымшылардың зейнетақы жинақтарын алуға берген өтініштерін қабылдамаудың бес негізгі себебі және оларды жою жөніндегі ұсынымдар
Дата публикации
11 февраля 2021