Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

 «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2020 жылғы 12 ай ішіндегі қызметінің қорытындылары

 

2020 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша аудандағы кедейлік деңгейі 0,6%-ды құрады. 2021 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша аудандағы кедейлік деңгейі 0,2 %-ды құрайды.

2021 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде табысы бір адамға шаққанда 23205 теңгеге дейін         9 күнкөрісі төмен отбасылары 41 адам есепте тұр. 2020 жылғы сәйкес кезеңде табысы бір адамға шаққанда 23205 теңгеге дейін 28 күнкөрісі төмен отбасылары 146 адам есепте тұрды.

Жылдың басынан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 4794,109 мың теңге сомада 19 отбасыларына 100 адамға  тағайындалды және төленді, соның ішінде   шартсыз ақшалай көмек 856,047 мың теңге сомада               4 отбасына 13 адамға, шартты ақшалай көмек 3938,062 мың теңге сомада                      15 отбасыларына 87 адамға тағайындалды және төленді. 2019 жылғы сәйкес мерзімге МАӘК 23297,5 мың теңге сомада 47 отбасыларына 258 адамға тағайындалды және төленді, соның ішінде шартсыз ақшалай көмек 2471,4 мың теңге сомада 7 отбасына 25 адамға, шартты ақшалай көмек 20826,0 мың теңге сомада 40 отбасыларына 233 адамға тағайындалды және төленді.

Жылдың басынан бастап тұрғын үй жәрдемақысы 15 отбасына тағайындалды және 128,4 мың теңге сомада төленді. 2020 жылы осындай шара күнкөрісі төмендер ретінде есепте тұрғандар санынан 7,5 мың теңге сомада 1 отбасына 3 адамға көрсетілді. 2019 жылғы сәйкес мерзімге жылдың басынан бастап жәрдемақы 24 отбасына тағайындалды және 319,4 мың теңге сомада төленді. Ағымдағы жылы осындай шара күнкөрісі төмендер ретінде есепте тұрғандар санынан 20,1 мың теңге сомада 1 отбасына 3 адамға көрсетілді.

Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезінде халықтың жекелеген санаттарына азық-түлік-тұрмыстық жиынтық сатып алу үшін ақшалай төлемдер жүргізілді:

атаулы әлеуметтік көмек алушылар санындағы алты жастан бастап он сегіз жасқа дейінгі балаларға;

мемлекеттік бюджет есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерден және бас бостандығынан айыру орындарындағы мүгедектерден басқа, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

мемлекеттік бюджет есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерден және бас бостандығынан айыру орындарындағы мүгедектерден басқа, барлық жастағы бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;

мүгедек баланы тәрбиелеушілерге;

халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыздарға.

Көрсетілген мерзімде республикалық бюджеттен барлығы 1095 адамға 21519, 4 мың теңге сомада төлемдер жүргізілді.

Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек 2020 жылдың             12 айында 386 азаматтарға 15911,3 мың теңге сомада әлеуметтiк көмек көрсетілді. 2019 жылғы сәйкес мерзімге 362 алушыларға 13343,8 мың теңге сомада көрсетілді.

Жылдың басынан бастап үйде оқитын және тәрбиеленетін 23 мүгедек балаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек (мөлшері - 6 АЕК) 2549,6 мың теңге төленді. 2019 жылғы сәйкес мерзімге 24 мүгедек балаларға 2323,5 мың теңге сомада көмек төленді.

Жыл басынан бастап қозғалуы қиын 1-топтың 6 мүгедегіне жеке көмекшінің қызметі көрсетілді.

Міндетті гигиеналық құралдармен 58 мүгедектер, соның ішінде                        15 мүгедек балалар, сурдотехникалық құралдармен 3 мүгедек, соның ішінде               2 мүгедек балалар, тифлотехникалық құралдармен 3 мүгедек қамтамасыз етілді, протездік-ортопедиялық көмек 35 мүгедекке көрсетілді, кресло-арбалармен            11 мүгедек қамтамасыз етілді (16 арбалар).

Облыстық бюджет қаражаты есебінен 2 мүгедектер «Мүгедектерге арналған Жітіқара оңалту орталығы» КММ–де және 8 мүгедектер «Мүгедектерге арналған Қостанай оңалту орталығы» КММ–де оңалтудан өтті. 13 мүгедектер «Сосновый бор» және «Джайлау» шипажайларында сауықтырудан өтті.

2021 ж. 01.01. жағдайы бойынша үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі 104 жалғызілікті және жалғыз тұратын азаматтарға, 5 мүгедек балаларға және психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан үлкен 1 мүгедекке арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді.

Мүгедектердің мұқтаждығына әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу бойынша жұмыстарды жүргізу туралы

 

2020 жылы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін бейімдеу тізбесіне сәйкес 6 объект бейімдеуге жатады. Балансындағы  объектілері бейімделу жоспарына енгізілген мекемелер басшыларына ғимараттарды бейімдеуді аяқтау қажеттілігі жөнінде хаттар жолданды. Федоров ауданы бойынша мүгедектердің мұқтаждығына барлық нысан меншігіндегі әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу бойынша жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобы объектілерді тексеру жүргізді, мүгедектердің мұқтаждығына объектілерді бейімдеу бойынша жұмыстарды аяқтау туралы актілер құрастырылды.

2021 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша барлық 6 объект бейімделді деп танылды («Федоров ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Кравцов орта мектебі» КММ, «Федоров ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Кенерал орта мектебі» КММ, «Федоров ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Баннов орта мектебі» КММ, «Айналайын» ясли-бақшасы» МКҚК, «Федоров ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Димитров атындағы № 1 орта мектебі» КММ, «Федоров ауданы Новошумный ауылы әкімінің аппараты» ММ).

 

 

 

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
Дата публикации
29 января 2021