Федоров ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабына және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес, 2021 жылғы 26 наурызда сағат 10.00-де Қостанай облысы, Федоров ауданы,Федоров ауылы, Гоголь көшесі, 15 үй («Жастар» мәдениет үйінің ғимараты») мекенжай бойынша өткізеді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде 2020 жылғы 01 наурыздан 25 наурызға дейін (қабылдау уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, Красноармейская көшесі, 53 үй (2-қабат) мекенжайы бойынша 1Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі1 ММ жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінім «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қағаз тасығышта қолма-қол не пошта арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін беріледі. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға өтінімдер бойынша конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныстар ұйымдастырушыға көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі.