Федоров ауданы Воронеж ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған азаматтық бюджеті Воронеж ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру өлшемдері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.
Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімінен, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары» деген кіші бөлімдерінен тұрады.
Ауылдық округтің бюджеті – бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған қаражат қоры.
Бюджеттік процесс – бұл Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелетін жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу және есеп беру, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.
Федоров ауданы Воронеж ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданы Воронеж ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдарына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 487 шешімімен бекітілген. Әділет органдарында 2021 жылғы 11 қаңтарда № 9708 болып тіркелген.