Федоров ауданы Воронеж ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған түзетілген азаматтық бюджеті

Федоров ауданы Воронеж ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған азаматтық бюджеті Воронеж ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру өлшемдері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.

Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімінен, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері және шығындары» деген кіші бөлімдерінен тұрады.

Ауылдық округтің бюджеті – бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған қаражат қоры.

Бюджеттік процесс – бұл Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттелетін жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу және есеп беру, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.

Федоров ауданы Воронеж ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданы Воронеж ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдарына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 440 шешімімен бекітілген. Әділет органдарында 2020 жылғы 21 қаңтарда № 8907 болып тіркелген.

 

Федоров ауданы Воронеж ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған түзетілген азаматтық бюджеті
Дата публикации
15 декабря 2020