«Костряков ауылдық округі әкімі аппаратының 2020 жылғы жұмысының қорытындысы және 2021 жылға арналған міндеттері туралы» Костряков ауылдық округінің әкімі Алексей Дмитриевич Куантаевтың баяндамасы

Ауылдық округті дамытудың стратегиялық мақсаты - Костряков ауылдық округі тұрғындарының жағдайы мен әл-ауқатын жақсарту, аудан аумағындағы әлеуметтік маңызы бар объектілердің үздіксіз жұмыс істеуі, аграрлық сектор мен мал шаруашылығын дамыту, елді мекендерді абаттандыру, аудан тұрғындарына бизнес-жобаларды жүзеге асыруға көмектесу, ауылда кәсіпкерлікті дамыту, білім деңгейін көтеру.

Костряков ауылдық округінің құрамына 4 елді мекен кіреді. Жалпы тұрғындар саны - 1541 адамды құрайды.

Костряков ауылдық округінің аумағында әртүрлі меншік нысанындағы және қызмет түріндегі мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар өз қызметін жүзеге асырады:: «Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; «Костряков орта мектебі» КММ; «Сказка» бала бақшасы»; жеңілдетілген өткізу бекетінің 2 пункті: "Грачевка" ҚР - «Каракул» РФ және "Новоукраинка" ҚР – "Каракул" РФ; 21 оқушыға білім беретін екі бастауыш мектеп, ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт) және екі медициналық пункт Запасное және Курское ауылдарында; ауылдық мәдениет үйі, наубайхана, кулинария, тігін шеберханасы, ҚКС, ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттарын қала құрушы кәсіпорын «Гранд» ЖШС жүргізеді, кәсіпорын есебінен «маңызды нысандарға» күрделі жөндеу жүргізіліп, қыс кезеңінде жылу трассасы және сумен қамтамасыз ету, қыстағы жолдар қардан тазартылады, шаруашылық қызметтері көрсетіледі, оқушыларды  апта сайын оқу орнына және үйлеріне тасымалдау жүргізіледі.

аппаратының 2020 жылғы жұмысының қорытындысы және 2021 жылға арналған міндеттері туралы» Костряков ауылдық округінің әкімі Алексей Дмитриевич Куантаевтың баяндамасы
Дата публикации
18 января 2021