«Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының 2020 ж. 29.12. № 82 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде, Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдау бөлімнің 2020 жылдың өткен кезеңін қамтыды.
Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2019 ж. 11.01. № 8 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы ереже негізінде жүзеге асырады. Ережеде белгіленген бөлімнің функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.
1.Бөлім өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: Конституция, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері, Қостанай облысы әкімдігінің қаулылары, Қостанай облысы әкімінің шешімдері, Федоров ауданы әкімдігінің қаулылары, Федоров ауданы әкімінің шешімдері, өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Ереже болып табылады.