«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес «Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ келесіні хабарлайды:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама жұмыс тобымен жасалды:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 01.07.2020 жылғы 01.07. бастап 2020 жылғы 31.12. дейін.
Талданатын кезең: 2020 жылдың 2 жарты жылдығы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобымен мекеме өз қызметінде басшылыққа алатын кодекстер, заңдар, нормативтік құқықтық актілер, құқықтық актілер зерделенді.
«Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру - басқару қызметінде 2020 жылдың 2 жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдаудан келесі бағыттар өткізілген:
1) персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы;
Мекеменің штат саны 3 бірлік. Желтоқсан айының соңында жетекші маманның 1 бос орны бар.
Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
«Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
- «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»:
Қызмет ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27.03. № 272 бұйрығымен бекітілген стандартпен реттеледі.
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру»:
Қызмет ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27.03. № 272 бұйрығымен бекітілген стандартпен реттеледі. Қызмет көрсету мерзімі - 30 күнтізбелік күнге дейін. Қызмет ЖАО, ХҚКО, ЭҮП арқылы көрсетіледі.
- «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»:
Қызмет ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27.03. № 272 бұйрығымен бекітілген стандартпен реттеледі. Қызмет көрсету мерзімі-10 жұмыс күні. Қызмет ЖАО, ХҚКО, ЭҮП көрсетіледі.
- «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру (мемлекеттік қызмет «Федоров ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ және ЖерҒӨО ЕМК бірлесіп көрсетіледі):
Қызмет ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27.03. № 270 бұйрығымен бекітілген стандартпен реттеледі. Қызмет көрсету мерзімі - 22 жұмыс күні. Қызмет ХҚКО, ЭҮП арқылы көрсетіледі.