Новошумный ауылы әкімінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 37-ө «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімінің негізінде Новошумный ауылы әкімінің аппаратында 2020 жылғы 15 желтоқсаннан 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен ауыл әкімі аппаратының 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі жұмыс кезеңі қамтылды.
«Федоров ауданының Новошумное ауылы әкімінің аппараты» ММ өз қызметін енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен Федоров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 311 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы ереже негізінде жүзеге асырады. Ережеде айқындалған мемлекеттік мекеменің функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.
Нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің еңбек қызметіне басшылық жасау: «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Әдеп кодексі», «Еңбек кодексі», «Бюджет кодексі» « Қазақстан Республикасының Заңы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заң, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидалары».