Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2021 жылғы «19» қаңтардағы № 6 бұйрығының негізінде 2021 жылғы 20 қаңтар және 22 қаңтар аралығында Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен 2020 жылғы екінші жартыжылдықтағы жұмыс кезеңі қамтылды.
Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 02 наурыздағы № 45 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мекеме туралы ереженің негізінде жүзеге асырады. Ережеде белгіленген бөлімнің функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.
Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы», АӨК дамыту туралы Заңдары, Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі. Жер учаскелеріне құқықтарды немесе жер учаскесін жалдау құқығын беру ережелері, оның ішінде электронды түрде.
Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындылары бойынша коллизиялар, дискрециялық нормалар анықталған жоқ.