«Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі талдау анықтамасы

«Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі талдау анықтамасы

«Федоров ауданы Косарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ауылдық округ әкімінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 4-ө өкімінің негізінде 2021 жылғы 15 қаңтар және 25 қааңтар аралығында Қосарал ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен ауылдық округ әкімі аппаратының 2020 жылғы 01 шілде және 30 желтоқсан аралығындағы жұмыс кезеңі қамтылды.

Бұдан бұрын ауылдық округі әкімінің аппаратында ішкі талдау 2017 жылы өткізілді, талдаумен ауылдық округ әкімі аппаратының 2020 жылдың өткен кезеңіндегі жұмыс кезеңі қамтылды.

  1. Мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер:

Ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 304 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мекеме туралы ереженің негізінде жүзеге асырады. Ережеде белгіленген ауылдық округ әкімі аппаратының функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.

Ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары.

Ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындылары бойынша коллизиялар, дискрециялық нормалар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің белгілері функциялар анықталған жоқ.

 Персоналды басқару

Ауылдық округі әкімі аппаратының штат саны 4 бірлікті құрайды (ауылдық округ әкімі, 3 бас маман).

Талдау өткізу кезеңінде ауылдық округ әкімінің аппараты толық жинақталған болды, бос орындар жоқ.

Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің аффилирленгендігі, сонымен қатар мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

«Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі талдау анықтамасы
Дата публикации
26 января 2021