«Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама
«Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ басшысының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 304 "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" бұйрығы негізінде 2020 жылдың 6 айында Білім беру бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен бөлімнің 2020 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейінгі жұмыс кезеңі қамтылды.
Бұған дейін білім бөлімінде ішкі талдау 2020 жылдың І жартыжылдығында жүргізілді, талдау білім бөлімінің 2020 жылдың қаңтар-маусым айларындағы жұмыс кезеңін қамтыды.
Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:
Білім бөлімі өз қызметін 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 112 енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен Федоров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 215 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы ереже негізінде жүзеге асырады. Ережеде белгіленген Бөлімнің функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.
Бөлім өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер болып табылады:
Қазақстан Республикасының заңдары «Қазақстан Республикасының Конституциясы», 1995 жылғы 30 тамыз;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоөсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары);
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III "Білім туралы" Заңы;
«Тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі N 151 Заңы;
Қазақстан Республикасындағы «Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы;
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» кодексі.
Білім бөлімінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындысы бойынша коллизиялар, олқылықтар, дискрециялық нормалар анықталған жоқ.