«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың 2 жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы аналитикалық ақпарат
«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы «2020 жылғы 2-жартыжылдықтағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2020 жылғы 2 шілдедегі № 19 бұйрық негізінде жүзеге асырылды.
Бұрын бөлімде ішкі талдау 2020 жылдың 1 жарты жылдығында жүргізілді, талдау бөлімнің 2020 жылдың 1жартыжылдығы жұмыс кезеңін қамтыды.
Мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер:
«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 124 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы ереженің негізінде жүзеге асырады. Ережеде айқындалған бөлімнің функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.
Бөлім өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңдары; «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»; «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы»; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» мемлекеттік сатып алу туралы; «Қазақстан Республикасының мәдени саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 Жарлығымен; «Мәдениет, білім, мәдениет саласындағы білім беру, тілдерді дамыту, мұрағат ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарының тізілімі» әрекет етуші бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №419; Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі №209 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мәдени ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметкерлерінің лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамалары; Қазақстан Республикасының еңбек кодексі.
«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау нәтижелері бойынша қақтығыстар, олқылықтар, дискрециялық нормалар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету белгілері бар функциялардың болуы анықталмады.