«Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама
«Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2021 жылғы 05-15 қаңтар аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен әкім аппаратының 2020 жылдың 2 жартыжылдығындағы жұмыс кезеңі қамтылды.
Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:
«Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №438 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мекеме туралы ереженің негізінде жүзеге асырады. Ережеде белгіленген ауылдық округ әкімі аппаратының функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.
«Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілері: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі» Қазақстан Республикасының Заңдары.
Федоров ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындылары бойынша коллизиялар, дискрециялық нормалар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету белгілері бар функциялардың болуы анықталған жоқ.
«Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің штат саны 9 бірлікті құрайды ( әкім, әкімнің орынбасары, 3 бас маман, 4 жетекші маман).
Талдау жүргізу кезеңінде ауылдық округ әкімінің аппараты толық жасақталмаған, 4 бос орын бар (жетекші маман-заңгер, 1 бас маман-есепші, бас маман). 2020 жылдың 2-жартыжылдығында қызметкерлерді лауазымнан төмендету фактілері жоқ. 2 қызметкер қабылданды (С.Ю. Маркварт 2020 жылғы 07 желтоқсанда жетекші маман-есепші лауазымына қабылданды; М.А. Бермухамедова 2020 жылғы 30 желтоқсанда жетекші маман лауазымына қабылданды).
Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің аффилирленгендігі, сонымен қатар мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.