«Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 шілдедегі № 187 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы ереже негізінде жүзеге асырады. Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Ережеде белгіленген Бөлімнің функциялары.
Бөлім өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы"; "Автомобиль жолдары туралы»; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»; «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдары болып табылады»
«Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мемлекеттік мекемесінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындылары бойынша коллизиялар, олқылықтар, дискрециялық нормалар анықталған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілері бар функциялардың болуы анықталған жоқ.
Бөлімнің штаттық саны 4 бірлікті құрайды (бөлім басшысы, сектор меңгерушісі, 2 бас маман).
Талдау жүргізу кезеңінде бөлім толық жасақталған. 2020 жылы 2 жартыжылдықта жұмыстан босату, қызметкерлердің лауазымын төмендету фактілері болған жоқ. 2020 жылдың 2 жартыжылдығында бөлімнің штаттық кестесіне бас маманның штаттық бірлігі сектор меңгерушісі болып өзгертіле отырып, өзгерістер енгізілді.