«Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі талдамалық анықтама
«Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ басшысының 2020 жылғы 01 шілдедегі № 23-ө «Сыбайлас жемқорлық қауіп-қатеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде 2020 жылғы 21 желтоқсаннан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсан дейін Баннов ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық қауіп-қатеріне ішкі талдау жүргізілді. 2020 жылдың 2 ай ішіндегі жұмыс кезеңі ішкі талдаумен қамтылды.
«Федоров ауданы Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы Ереже негізінде жүзеге асырады. Ережеде белгіленген Баннов ауылдық округі әкімі аппаратының функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.
Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдары болып табылады.
Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізу қорытындысы бойынша қайшылықтар, кемшіліктер, дискрециялық нормалар айқындалмады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет белгілері бар функциялар айқындалмады.
Штат саны 5 бірлікті құрайды (әкім, 4 бас маман).
Талдау жүргізу кезеңіне Баннов ауылдық округі әкімінің аппараты толық жинақталған. Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестестігі, сондай-ақ мүдделер қақтығысы айқындалмады.
Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толығымен көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.
Қызметкерлерге демалыс бекітілген кестеге және мемлекеттік қызмет туралы заңға және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес беріледі.
Қызметкерлерге сыйлық Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес беріледі. Талдау жүргізілген кезеңде қызметкерлерге сыйақы 2020 жылы ақпан, наурызда басшының 2020 жылғы 25 ақпандағы № 5-ө, 2020 жылғы 13 наурыздағы № 10-ө бұйрықтары негізінде берілді.