Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің 2021 – 2023 жылдарға арналған бекітілген Азаматтық бюджеті

Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің 2021 ─ 2023 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті Первомай ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.

         Аталған құжат «Бюджетті жоспарлау» тарауын, «Әлеуметтік - экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерін қамтиды.

         Ауылдық округ бюджеті-бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджет процесі-Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.

         Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің 2021 - 2023 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің 2021 - 2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылды. Аудандық мәслихат сессиясының 2021 жыл 08 қаңтардағы № 487 шешімімен бекітілген. Әділет органдарында 2021 жылғы 11 қаңтарда № 9708 болып тіркелді

Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің 2021 – 2023 жылдарға арналған бекітілген Азаматтық бюджеті
Дата публикации
21 января 2021