Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің 2020 – 2022 жылдарға арналған бекітілген Азаматтық бюджеті

Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің 2020 ─ 2022 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті Первомай ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.

Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімінен, «Әлеуметтік - экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.

Ауылдық округ бюджеті - бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік - аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджеттік процесс - Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.

Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің 2020 - 2022 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің                        2020 - 2022 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихат сессиясының 2020 жылғы    20 қаңтардағы № 400 шешімімен бекітілген. Әділет органдарында 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 8907 болып тіркелген

Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің 2020 – 2022 жылдарға арналған бекітілген Азаматтық бюджеті
Дата публикации
24 января 2020