2021 – 2023 жылдарға арналған Федоров ауданының Новошумное ауылы бекітілген Азаматтық бюджеті

 

      2021 ─ 2023 жылдарға арналған Федоров ауданының Новошумное ауылы Азаматтық бюджеті аудандық бюджеттің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.

      Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімін, «Ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері» және «Аудан бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.

       Ауылдық округ бюджеті-бұл ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

      Бюджеттік процесс - Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.

      2021-2023 жылдарға арналған Федоров ауданының Новошумное ауылы бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, 2021-2023 жылдарға арналған Федоров ауданының Новошумное ауылы әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихат сессиясының 2021 жылғы 08 қаңтардағы № 487 шешімімен бекітілген. Әділет органдарында 2021 жылғы 11 қаңтарда № 9708 тіркелген.

 

2021 – 2023 жылдарға арналған Федоров ауданының Новошумное ауылы бекітілген Азаматтық бюджеті
Дата публикации
21 января 2021