2020 – 2022 жылдарға арналған Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің бекітілген азаматтық бюджеті

Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті Вишневый ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.

Бұл құжат «бюджетті жоспарлау» бөлімін, «әлеуметтік - экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.

Ауылдық округ бюджеті-бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджеттік процесс - Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.

Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихат сессиясының 2020 жылғы 8 қазандағы № 463 шешімімен бекітілген. Әділет органдарында 2020 жылғы 9 қазанда № 9490 тіркелген.

 

2020 – 2022 жылдарға арналған Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің бекітілген азаматтық бюджеті
Дата публикации
12 декабря 2020