Федоров ауданының 2020-2022 жылдарға арналған азаматтық бюджетінде аудандық бюджеттің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражаттарын жұмсау бағыттары туралы ақпарат мазмұндалады.
Осы құжатқа «Бюджетті жоспарлау» бөлімі, «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері» және «Аудан бюджетінің түсімдері мен шығындары» кіші бөлімдері енген.
Аудан бюджеті – бұл ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, олардың ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелерінің міндеттері мен қызметтерін қаржылық қамтамасыз ету және нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесі – Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету, бюджет есебі мен есептілігін жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.
2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасы Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданының 2020-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптасты. Аудандық мәслихат сессиясының 2020 жылғы 08 желтоқсандағы № 476 шешімімен бекітілді. Әділет органдарында 2020 жылғы 09 желтоқсанда № 9619 болып тіркелді.
Орта мерзімді кезеңге аудан бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін және аудан бюджетінің жобасын жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті органдармен жүзеге асырылады.
1.1 «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері»
|
№ |
Көрсеткіштер атауы |
2019 жыл факт |
2020 жыл болжам |
2021 жыл болжам |
2022 жыл болжам |
|
1 |
Ауыл шаруашылық жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге |
39117,9 |
41073,7 |
43127,4 |
45283,7 |
|
2 |
Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге |
2457,8 |
2580,7 |
2709,7 |
2845,2 |
|
3 |
Халық саны, мың адам |
25,0 |
25,0 |
24,9 |
24,8 |
|
4 |
Жұмыссыздық деңгейі, % |
4,2 |
4,2 |
4,2 |
4,2 |
|
5 |
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК), теңге |
2525,0 |
2651,0 |
2783,0 |
2922,0 |
|
6 |
Ең төменгі жалақы, теңге |
42500,0 |
42500,0 |
42500,0 |
42500,0 |
|
7 |
Орта айлық номиналдық жалақы, теңге |
117665,0 |
123548,0 |
129725,0 |
1316211,0 |