Федоров ауданының 2020-2022 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті аудандық бюджеттің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджет қаражатының жұмсалуының бағыттары туралы ақпараттан тұрады.
Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімінен, «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімі және шығысы» кіші бөлімдерінен тұрады.
Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің бюджеті - бұл ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, оның ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелерінің қызметін және міндеттерін, олардың нақты нәтижеге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруын қаржылай қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесс- жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есеп және есеп беруді жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау бойынша Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларымен реттелген.
Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Салық кодексі және Бюджеттік кодексімен, Федоров ауданының 2020-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен қалыптастырылды. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 20 қаңтардағы №400 шешімімен бекітілген. Әділет органдарында 2020 жылғы 21 қаңтарда № 8907 болып тіркелген.