Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің 2021 – 2023 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті Костряков ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері мен бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты құрайды.

         Осы құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.

         Ауылдық округ бюджеті -  ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджеттік процесс-Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.

          Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихаты сессиясының 2021 жылғы 08 қаңтардағы  № 487 шешімімен бекітілген. Әділет органдарында 2021 жылғы 11 қаңтарда № 9708 болып тіркелген.

 

 

Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің 2021 – 2023 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
Дата публикации
18 января 2021