2021 – 2023 жылдарға арналған Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің бекітілген азаматтық бюджеті

Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті Вишневый ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.

Бұл құжат «бюджетті жоспарлау» бөлімін, «әлеуметтік - экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.

Ауылдық округ бюджеті-бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджеттік процесс - Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.

Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихат сессиясының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 487 шешімімен бекітілген. Әділет органдарында 2021 жылғы 11 қаңтарда № 9708 тіркелген.

2021 – 2023 жылдарға арналған Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің бекітілген азаматтық бюджеті
Дата публикации
08 января 2021