Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған Азаматтық бюджетінде Федоров ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражаттарын жұмсау бағыттары туралы ақпарат бар.
Осы құжатқа «Бюджетті жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығындары» кіші бөлімдері енгізілген.
Ауылдық округтің бюджеті – бұл ауылдық округ әкімінің, оның ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен қызметтерін қаржылай қамтамасыз ету және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджет процесі – Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету, бюджет есебі мен есептілігін жүргізу, мемлекеттік қаржылай бақылау жөніндегі қызмет.
Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптасты. Аудандық мәслихат сессиясының 2021 жылғы 8 қаңтардағы №487 шешімімен бекітілген. Әділет органдарында 2021 жылғы 11 қаңтардағы №9708 болып тіркелген.