Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бекітілген Азаматтық бюджеті

Федоров ауданының 2021-2023 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті аудандық бюджеттің негізгі көрсеткіштері, оның қалыптасу параметрлері және бюджет қаражатының жұмсалуының бағыттары туралы ақпараттан тұрады.

Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімінен, «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің  түсімі және шығысы» кіші бөлімдерінен тұрады.

Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің бюджеті - бұл ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, оның ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелерінің қызметін және міндеттерін, олардың нақты нәтижеге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруын қаржылай қамтамасыз етуге арналған  орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджеттік процесс- жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есеп және есеп беруді жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау бойынша Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларымен реттелген.

          Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Салық кодексі және Бюджеттік кодексімен, Федоров ауданының 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен қалыптастырылды. Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 8 қаңтардағы №487 шешімімен бекітілген. Әділет органдарында 2021 жылғы 11 қаңтарда №9708 болып тіркелген.

Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бекітілген Азаматтық бюджеті
Дата публикации
19 января 2021