Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану үшін жеткіліктілік шегі туралы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығын берді.

Осы құқықты зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебінен ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын және болашақта ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмайтын зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік беретін жинақты қалыптастыра алған салымшылар пайдалана алады.

Бұл ретте азаматтардың пайдалануы үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары тек міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ғана емес, сондай-ақ, оларды инвестициялаудан алынған инвестициялық табысты да қамтиды.

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес «зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегі»  салымшының зейнетақы жинақтарының нақты сомасын, сондай-ақ, оның болашақ зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысын қамтиды. Бұл зейнетақы жасына жеткен кезде оған ең аз зейнетақыдан кем емес зейнетақы табысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте болашақ жарналардың ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен емес табыстан аударылатыны есепке алынды. Егер кірістер жоғары болса, онда ең төменгі жеткіліктілік шегі тезірек қалыптасады, ал зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі төлемдер ең төменгі зейнетақыдан көп болады.

Жеткіліктілік шегін есептеуге арналған әдістеме мен өлшемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен айқындалады және әрбір жас үшін жеке есептеледі. 2021 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерінің алдын ала мөлшерлері төмендегідей:

 

Жасы

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі

жеткіліктілік шегі, теңгемен

20

1 710 000

21

1 780 000

22

1 860 000

23

1 930 000

24

2 010 000

25

2 090 000

26

2 170 000

27

2 250 000

28

2 330 000

29

2 420 000

30

2 500 000

31

2 590 000

32

2 670 000

33

2 760 000

34

2 850 000

35

2 940 000

36

3 030 000

37

3 130 000

38

3 220 000

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану үшін жеткіліктілік шегі туралы
Дата публикации
19 января 2021