МАЗМҰНЫ
1. |
Паспорт (негізгі сипаттамалары) |
3 |
2. |
Ағымдағы ахуалды талдау |
7 |
2.1. |
Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау |
10 |
2.1.1. |
Өңірдің экономикасын талдау |
11 |
2.1.2. |
Әлеуметтік саланы талдау |
33 |
2.1.3. |
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп |
51 |
2.1.4. |
Инфрақұрылымның дамуын талдау |
54 |
2.1.5. |
Экология мен жер ресурстары |
61 |
3. |
Негізгі бағыттары, мақсаттары, нысаналы индикаторлары және оларға жету жолдары |
67 |
4. |
Қажетті ресурстар |
82 |
|
Атауы |
Қостанай облысы Федоров ауданының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы |
|
Әзірлеуге негіздеме |
«Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығы. «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығы. «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығы.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысы.
|
|
Өңірдің негізгі сипаттамалары |
Федоров ауданы 1928 жылғы 17 қаңтарда құрылды. Аудан Қостанай облысының солтүстік - батыс бөлігінде орналасқан. Аудан орталығы – Федоров ауылы, 1900 жылы құрылды. Аудан аумағы 7,2 мың шаршы километрді құрайды. 2020 жылғы 1 қаңтар жағдайына халық саны – 25060 адам. Ұлттық құрамы: қазақтар – 17,2 % орыстар – 39,3 % украиндар – 25,5 % басқа ұлттар 18,0 %. Аудан бойынша тұрғындардың тығыздығы – 1 ш. км. 3,7 адам. Экономикалық белсенді халқы – 16 мың адам, олардың ішінде: жұмыспен қамтылған тұрғындар – 16 мың адам, оның ішінде: өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар – 4,3 мың адам, жұмыссыздар – 57 адам. Әкімшілік-аумақтық бірліктер саны –13, оның ішінде: ауылдық округтер – 12, ауыл-1. Елді мекендер саны – 49. Ауыл шаруашылық алқаптары алаңы – 552,5 мың га, оның ішінде: егістіктер – 451,0 мың га, жайылымдар – 101,5 мың га. |