Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 6967, 3 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер 3617,0 млн. теңге, субвенция 2051,9 млн. теңге.
1, 2 және 3 санаттағы кірістер 1298,4 млн. теңге жоспар бойынша, 1512,8 млн. теңге сомасына немесе 116,5 % атқарылды, жоспардан тыс 214,4 млн. теңге келіп түсті.
Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі 8175,7 млн. теңге жоспар бойынша, 8172,8 млн. теңгеге немесе 100 % атқарылды.
2021 жылғы 1 қаңтарға өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 116,6 % құрайды.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 3999,5 млн. теңгені құрайды, 2019 жылғы деңгейден 577,8 млн. теңгеге артық. Облыстың өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлеміндегі ауданның үлес салмағы 0,3 % құрады.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 102,3 % құрайды.
Барлық санаттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 50451,3 млн. теңгені құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 11333,4 млн. теңгеге артық (2019 жылы-39117,9 млн. теңге). Оның ішінде:
- өсімдік шаруашылығы 40269,9 млн. теңге, өткен жылға НКИ 102,4%;
- мал шаруашылығы 10144,1 млн. теңге, өткен жылға НКИ 101,8%;
Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта) 5448,8 тонна немесе 2019 жылдың деңгейіне 104,1 %, сүт 38140,2 тонна немесе 100,5 %, жұмыртқа 12597 мың дана немесе 101,2 % өндірілді.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ІҚМ саны 430 басқа көбейді және 27,2 мың басты немесе 2019 жылдың деңгейіне 101,6 %, оның ішінде сиыр басы 367 басқа көбейді және 2019 жылдың деңгейіне 102,9 % құрайды. Жылқы басы 2,2 % көбейді және 3,8 мың басты құрады, шошқа басы 93 басқа немесе 0,6 % көбейді және 14,5 мың басты құрады.
2020 жылғы бөлшектік тауар айналымының қөлемі 3172 млн. теңгені құрайды, бұл 2019 жылдың деңгейіне 214,8 млн. теңгеге көбірек. НКИ 99,6 % құрайды.
Экономикалық өсуді анықтайтын негізгі нысаналы индикаторлардың бірі – инвестицияларды тарту.
2020 жылғы негізгі капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі 165,1 % құрайды.
Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 3,4 % құрайды. Ауданға 11083 млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды, бұл 2019 жылдың деңгейіне 4554 млн. теңгеге көбірек (2019 жылы-6529 млн. теңге).Республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру көздері бойынша 4110 млн. теңге салынды, кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 5499 млн. теңге, банктің несиелері мен басқа да қарыз қаражаттары 1474 млн.теңгені құрады.
Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы алаңы 3407 ш.м тұрғын үй қолданысқа берілді, бұл 2019 жылдың деңгейіне 2016 ш.м көбірек. НКИ 244,8 % құрайды.
2020 жылғы құрылыс жұмыстарының көлемі 3276 млн. теңгені құрайды (2019 жылы-2778 млн. теңге). НКИ 118,3 % құрайды.
Өмір деңгейі. Статистикалық мәліметтер бойынша 2020 жылдың 9 ай ішіндегі орта айлық жалақы 137349 теңгені құрайды, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 19684 теңгеге немесе 16,7 % көбірек.
«Федоров ауданының экономика
және қаржы бөлімі» ММ басшысы С. Завощенко