Федоров ауданының 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы

Федоров  ауданының

2021-2023   жылдарға

арналған   аудандық

бюджеті туралы

 

 

 

         2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Федоров ауданының 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5451253,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша –1288406,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 53960,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 59204,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 4049683,0 мың теңге;

2) шығындар – 5594632,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 56959,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 87510,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 30551,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 200338,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –         200338,0 мың теңге.

  1. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте ауыл, ауылдық округтерінің бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін субвенциялардың көлемдері 257281,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

         Баннов ауылдық округіне 28813,0 мың теңге;

Федоров ауданының 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы
Дата публикации
13 января 2021