2020 жылдың ІІ-жартыжылдығында
«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ-де
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес және аудандық мәслихат хатшысы міндетін атқарушының 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 1 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде 2021 жылғы 5-8 қаңтар аралығында жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) аудандық мәслихат аппаратының қызметін және мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-басқару қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді зерделеді.
Мемлекеттік мекеменің қызметін реттейтін заңнаманы зерделеу қорытындысы бойынша өз қалауы бойынша шешім қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергілер жасауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін ережелер анықталған жоқ.
Мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-басқару қызметінде ішкі сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға 2020 жылдың ІІ-жартыжылдығында мына бағыттар тартылды:
1) Персоналды басқару, оның ішінде кадр ауысуы:
Аппараттың штат саны 5 бірлікті құрайды. Нақты саны 4 бірлік.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ-де бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс кезеңіне ұйымдастыру бөлімі бас маманының 1 уақытша бос орны бар. Кадр ауысуы жоқ.
2020 жылы аппарат қызметкерлері тәртіптік жаупкершілікке тартылмады.
Қайта даярлау курстарынан 1 маман, біліктілікті арттырудан – 2 маман өтті.
2) Мүдделер қақтығысын реттеу:
Аппаратта туыстық байланысы бар мемлекеттік қызметшілер жұмыс істемейді, тиісінше сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін емес.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету:
«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.
4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру:
Аудандық мәслихат аппараты рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.
5) Бақылау функцияларын іске асыру:
Аудандық мәслихат аппаратында бақылау функциялары жоқ.
6) Ұйымдастыру-бақылау қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:
2020 жылдың ІІ-жартыжылдығында жеке тұлғалардан 4 және заңды тұлғадан 3 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер заңмен белгіленген мерзімде қаралды, 3 өтініш қанағаттандырылды, 4 өтініш бойынша түсініктемелер берілді.
Прокурорлық ден қою актілері келіп түспеді.
Есептік кезеңде мемлекеттік органға қатысты тексеру жүргізілмеді.
Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу бекітілген жоспарға сәйкес, тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден жүзеге асырылды. Мемлекеттік сатып алулардың тиісінше жүргізілуі қамтамасыз етіледі, бұзушылықтар анықталмады.
Бұқаралық ақпарат құралдарына («Федоровские новости» аудандық газетіне, Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына) жүргізілген мониторинг мекеменің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар болмағанын көрсетті.
Аудандық мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, аппараттың функционалдық қызметіне жататын заңдарды түсіндіру бойынша құқықтық жаппай білім беру жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Жұмыс тобының басшысы Ж. Мырзахметова
Жұмыс тобының мүшелері:
Т.С. Репринцева
К.Қ. Досмұханбетова