2020 жыл бойы азаматтардың өтініштері мен құжатайналым бойынша ақпарат.
2020 жылдың аяқталған кезеңінде Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкім аппаратына 596 құжат келіп түсті. 453 құжат жіберілді, оның ішінде 453 мемлекеттік тілде.
Барлығы 2020 жылдың есепті кезеңінде жергілікті атқарушы органдарға 22 өтініш келіп түсті. Оның ішінде өтініштер - 22, шағымдар – 0, басқалары – 0 (сұраныстар, ұсыныстар, жауаптар), барлық өтініштер ауылдық округі әкімімен жеке қабылдауының барысында қабылданды. Мемлекеттік органда қабылдау орны бойынша 22 өтініш немесе 100 % қаралды.
Есепті кезеңінде өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу болған жоқ.
Өтініштердің көп бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, еңбек және халықты жұмыспен қамтуға қатысты, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру бойынша және т.б. сұрақтар құрайды.
Қайталанған өтініштер жоқ. Өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу болған жоқ.
Бас маман О. Рахимова