«Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі талдау анықтамасы
«Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ауылдық округ әкімінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2020 жылғы 1 желтоқсандағы № 31-ө өкімінің негізінде 2020 жылғы 1 желтоқсан және 31 желтоқсан аралығында Воронеж ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен ауылдық округ әкімі аппаратының 2020 жылғы 1 шілде және 1 желтоқсан аралығындағы жұмыс кезеңі қамтылды.
Бұдан бұрын ауылдық округ әкімінің аппаратында ішкі талдау 2016 жылы өткізілді, талдаумен ауылдық округ әкімі аппаратының 2017, 2018, 2019 жылдардың өткен кезеңіндегі, 2020 жылдың 1-жартыжылдығындағы жұмыс кезеңі қамтылды.
Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы №302 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мекеме туралы ереженің негізінде жүзеге асырады. Ережеде белгіленген ауылдық округ әкімі аппаратының функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.
Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары.
Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындылары бойынша коллизиялар, дискрециялық нормалар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің белгілері функциялар анықталған жоқ.
Ауылдық округ әкімі аппаратының штат саны 4 бірлікті құрайды (ауылдық округ әкімі, 3 бас маман).
Талдау өткізу кезеңінде ауылдық округ әкімінің аппараты толық жинақталған болды, 2 вакансия бар. 2020 жылы бас маманды қызметінен босату факті және әкім лауазымына лауазымын жоғарылату фактісі орын алды.
Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің аффилирленгендігі, сонымен қатар мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Ауылдық округ әкімінің аппаратындағы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.
Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне еңбек демалыстарын беру бекітілген кестеге және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңына және еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметкерлерді еңбек демалысынан шақырту фактілері жоқ.
Қызметкерлерге сыйақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Талдау жүргізіліп жатқан кезеңде қызметкерлерге сыйақы берілген жоқ.
Тәртіптік жазасы алынбаған қызметкерлерге сыйақы беру фактілері жоқ.
Талдау жүргізіліп жатқан кезеңде ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сонымен қатар мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері болған жоқ.
Талдау жүргізіліп жатқан кезеңде ауылдық округ әкімі аппаратының 1 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.
________________________________________________________________
Ауылдық округ әкімінің аппараты 15 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:
«Азаматтық хал актілері жазбаларын жою»;
«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
«Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпынап келтіру»;
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;
«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу».
2020 жылдың өткен кезеңінде 837 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді: оның ішінде қағаз түрінде 7 - «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 6, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 1; электронды түрде - 830.
Тиімділікті бағалау критерийлерінің бірі қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету, азаматтардың қанағаттандырылу деңгейін арттыру. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсетуге өткізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша:
мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды – 0,
көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар саны – 0,
белгіленген мерзімдерді бұзып көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0.
Қызметтер көрсетудің тәртібі туралы тұрғындарға ақпарат беру үшін ақпараттық стенд ресімделіп, онда ауылдық округ әкімінің аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің Стандарттары мен Регламенттері, сенім телефоны, ауылдық округ әкімінің азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі көрсетілген.
Талданатын кезеңде келесі органдар тексерістер жүргізді:
«ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қостанай облысы бойынша экология департаменті» ММ тексеріс жүргізді.
Талданатын кезеңде прокурорлық ден қою актілері болған жоқ.
Талданатын кезеңде ауылдық округ әкімінің аппараты өнім берушіні мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талапкер ретінде сот отырыстарына қатысқан жоқ.
Талданатын кезеңде келіп түскен өтініштердің жалпы саны – 29. Өтініштерде берілген негізгі мәселелер жер пайдалану, шағын кредиттер алу, оқу, абаттандыру мәселелері.
Өтініштерді қараудың нәтижелері: қанағаттандырылды – 4, түсіндірілді – 25, өзге органдарға жіберілді – 1.
Ауылдық округтің әкіміне жеке қабылдауға 25 өтініш келіп түсті.
Талданатын кезеңде шағымдар келіп түскен жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында ауылдық округ әкімі апаратының қызметкерлеріне қатысты теріс мақалалар фактілері болған жоқ.
«Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде құқықтық коллизиялар анықталды.
1) Стандарт бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 30 жұмыс күн, көрсетілген мерзімге жерге орналастыру жобасын құрастыру кезеңі кірмейді. ҚР Жер кодексінің 43-б. сәйкес өтінішті қараудың жалпы мерзімі екі айға дейін. Қызмет алушының өтініші аудандық жер комиссиясына беріледі және қарау мерзімі 1 айға дейін созылады, бұл кей кезде Стандарт бойынша көрсетілген мерзімдерде шешім қабылдауда қиындықтар туғызады. Стандарт және ҚР Жер кодексі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі әртүрлі.
2) ҚР Жер кодексінің 43-б. сәйкес «Жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешім жер комиссиясының теріс қорытындысы негізінде жер комиссиясының қорытындысы шығарылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады», ал Стандарт бойынша «Жер учаскесіне құқық беру туралы шешім» мемлекеттік қызметін көрсету нәтижесі, яғни жер учаскесін беруден бас тарту көзделмеген.
Талдау анықтамасын әзірлеген:
Бас маман Атнабаева М.В.
«25» желтоқсан 2020 жыл
Воронеж ауылдық округінің әкімі Дубко Л.З.
«25» желтоқсан 2020 жыл