Федоров ауданының АСК отырысы 13.10.2026

 

Ағымдағы жылдың 12 қазанында Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылып. 13 қазанда Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді. Осыған орай Федоров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, күнтізбелік жоспар бекітілді. Күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну-ағымдағы жылдың 14 қазанынан 27 қазан сағат 18.00 дейін, кандидаттарды тіркеу- ағымдағы жылдың 14 қазанынан 01 қараша сағат 18.00 дейін жүргізіледі.
Федоров аудандық мәслихатының 11 депутаты бір мандатты сайлау округтері бойынша сайланатын болады.
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

Федоров ауданының АСК отырысы 13.10.2026
Дата публикации
14 октября 2026