2020 жылдың екінші жартыжылдығына «Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша» аналитикалық анықтама

      «Федоров ауданы Ленин округі әкімінің аппараты» ММ ауылдық округі әкімінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 40-ө өкімінің негізінде 2020 жылғы 15 желтоқсан 31 желтоқсан аралығы кезеңінде Ленин ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен ауылдық округ әкімі аппаратының 2020 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейінгі жұмыс кезеңі қамтылды.

  1. Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:

      «Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 306 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы ереже негізінде жүзеге асырады. Ережеде белгіленген Ленин ауылдық округі әкімі аппаратының функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.

«Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» Қазақстан Республикасының Заңдары.

Ленин ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау қорытындысы бойынша коллизиялар, олқылықтар, дискрециялық нормалар анықталған жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілері бар функциялардың болуы анықталған жоқ.

  1. Персоналды басқару

      Штат саны 3 бірлікті құрайды (әкім, 1 бас маман, 1 жетекші маман).

      Қызметкерлердің лауазымын төмендету фактілері болған жоқ.

      Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестестігі, сондай-ақ мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

      Мекеменің мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.

      Қызметкерлерге демалыс беру бекітілген кестеге сәйкес және қатаң түрде мемлекеттік қызмет туралы заңға және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Қызметкерлерге сыйлықақы беру Қазақстан Республикасының

2020 жылдың екінші жартыжылдығына «Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша» аналитикалық анықтама
Дата публикации
22 января 2021