Федоров ауданының 2026 жылғы қаңтар-маусым айлары ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

Федоров ауданының  2026  жылғы  қаңтар-маусым айлары ішіндегі

әлеуметтік-экономикалық  даму  қорытындылары  

туралы  ақпарат

 

Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі  2544,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер  206,6 млн. теңге.

1, 2 және 3 санаттағы кірістер  1533,7  млн. теңге жоспар бойынша,  2069,9 млн. теңге сомасына немесе 135 % атқарылды, жоспардан тыс  536,2 млн. теңге келіп түсті.

Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі  3051,1 млн. теңге жоспар бойынша,  3050,8 млн. теңгеге немесе  100 %  атқарылды.   

2026 жылғы 1  шілдеге өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 83,2 %  құрайды.  

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі  2440,9  млн. теңгені құрайды, бұл      2025 жылғы деңгейден  311 млн. теңгеге жоғары. Ауданның облыс өнеркәсіптік өнімі көлеміндегі үлес салмағы  0, 2  %  құрайды.

Есептік кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 117,9 %  құрайды.  

Барлық санаттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 9728,4 млн. теңгені құрайды, бұл 2025 жылғы деңгейден               2570,0 млн. теңгеге жоғары. Оның ішінде:

Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта)  1836,4 тонна немесе 2025 жылдың  деңгейіне 107,9 %, сүт  23685,8  тонна немесе 127,2 %, жұмыртқа 535,5 мың дана немесе 101,2  %  өндірілді.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ІҚМ саны 7 басқа көбейді және 24,8 мың басты немесе 2025 жылдың  деңгейіне 100 %, оның ішінде сиыр басы 803 басқа көбейді және 2025 жылдың деңгейіне 106,4 % құрайды. Жылқы басы 7,7 % көбейді және 5,1 мың басты құрайды, шошқа басы 305 басқа немесе 5,6 % көбейді және 5,6 мың басты құрайды.

2026 жылдың қаңтар-маусым айлары ішіндегі көтерме тауар айналымының көлемі 4879,8 млн. теңгені құрайды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңінен  1372,4 млн. теңгеге аз. НКИ  71,4  %  құрайды.

2026 жылдың қаңтар-маусым айлары ішіндегі бөлшектік тауар айналымының қөлемі  3157,3  млн. теңгені құрайды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңінен  546,1 млн. теңгеге көбірек. НКИ 110,1  %  құрайды.

Экономикалық өсуді айқындайтын негізгі нысаналы индикаторлардың бірі, инвестициялар тарту болып табылады.

Негізгі  капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі          274,7 %  құрайды. 

Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 2,2 % құрайды. Ауданға 6401,0 млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды, бұл  2025 жылдан  13680 млн. теңгеге көбірек (2025 жылы - 5033,0 млн.теңге). Жергілікті бюджет есебінен  253,0 млн.теңге салынды, кәсіпорындар қаражаты есебінен 2144,0 млн. теңге салынды, банктің кредиттері мен басқа да қарыз қаражаттары 4004,0 млн. теңгені құрады.

Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру 2457 шаршы метрді құрады, бұл 2025 жылғы деңгейден 1518,0 шаршы метрге көбірек.   НКИ 261,7 % құрады.

2026 жылғы қаңтар-маусым айлары ішіндегі құрылыс жұмыстарының көлемі  508,0 млн. теңгені құрайды, бұл  2025 жылдың өткен кезеңінен 1636,0 млн. теңгеге төмен. НКИ  22,2 % құрады.  

Өмір деңгейі. Статистикалық деректер бойынша 2025 жылдың                   қаңтар-наурыз аралығында орташа айлық жалақы 285 593 теңгені құрады, бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30 799 теңгеге немесе 12,1 % көбірек.

 

 

«Федоров ауданының экономика

және қаржы бөлімі» ММ басшысының

орынбасары                                                                                         Т. Гордеева                                                

 

 

Федоров ауданының 2026 жылғы қаңтар-маусым айлары ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Дата публикации
06 августа 2026