ЖОБА
«Федоров ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 438 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы «Федоров ауданы Федоров
ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі туралы ережені бекіту туралы»
Федоров ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
1) жоғарыда аталған Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар ету;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау және Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді қамтамасыз етсін Қазақстан Республикасы актілерінің;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Федоров ауданының әкімі Т. Исабаев