Әкімнің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 18 «Шандақ ауылдық округінің Дорожное ауылының құрамдас бөлігін атауы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»                      1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару                                және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы                               Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Камышин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Әкімнің «Шандақ ауылдық округінің Дорожное ауылының құрамдас бөлігін атауы туралы» 2008 жылғы 19 қарашадағы № 18 шешіміне (2009 жылғы 9 қаңтарда «Федоровские новости» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-123 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсың:

«Камышин ауылдық округінің Дорожное ауылы елді мекенінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы»

кіріспесіндегі «Шандақ ауылдық округі» деген сөз тіркесі «Камышин ауылдық округі» деген сөз тіркесімен ауыстырылсын;

1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің Дорожное ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар:

атауы жоқ № 1 көшеге – Центральная көшесі

атауы жоқ № 2 көшеге – Южная көшесі;

атауы жоқ № 3 көшеге – Рабочая көшесі берілсің.

көрсетілген шешімнің қосымшасы алынып тасталсын.

  1. «Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімнің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 18 «Шандақ ауылдық округінің Дорожное ауылының құрамдас бөлігін атауы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
13 ноября 2020