Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған
бекітілген азаматтық бюджеті
Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджетінде аудандық бюджеттің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражаттарын жұмсау бағыттары туралы ақпарат мазмұндалады.
Осы құжатқа «Бюджетті жоспарлау» бөлімі, «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері» және «Аудан бюджетінің түсімдері мен шығындары» кіші бөлімдері енген.
Аудан бюджеті – бұл ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, олардың ведомствоға бағынысты мемлекеттік мекемелерінің міндеттері мен қызметтерін қаржылық қамтамасыз ету және нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесі – Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету, бюджет есебі мен есептілігін жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.
2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасы Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптасты. Аудандық мәслихат сессиясының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 219 шешімімен бекітілді.
Орта мерзімді кезеңге аудан бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін және аудан бюджетінің жобасын жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті органдармен жүзеге асырылады.
1.1 «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері»
|
№ |
Көрсеткіштер атауы |
2025 жыл факт |
2026 жылға болжам |
2027 жылға болжам |
2028 жылға болжам |
|
1 |
Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі, млн. теңге |
78184,9 |
82094,1 |
86198,8 |
90508,8 |
|
2 |
Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге |
4517,0 |
4742,8 |
4980,0 |
5229,0 |
|
3 |
Халық саны, мың адам |
22,7 |
23,8 |
25,0 |
26,3 |
|
4 |
Жұмыссыздық деңгейі, % |
4,5 |
4,5 |
4,5 |
4,5 |
|
5 |
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК), теңге |
3932,0 |
4325,0 |
4541,2 |
4768,3 |
|
6 |
Ең төменгі жалақы, теңге |
85000,0 |
85000,0 |
85000,0 |
85000,0 |
|
7 |
Орта айлық номиналдық жалақы, теңге |
287490,0 |
301864,5 |
316957,7 |
332805,6 |
Бюджет көлемі
1.2 «Аудан бюджетінің түсімдері мен шығындары»
мың теңге
|
Атауы
|
2025 жыл факт |
2026 жыл бағалау |
2027 жыл болжам |
2028 жыл болжам |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
ТҮСІМДЕР – барлығы |
9422395,2 |
4729744,0 |
8053611,0 |
17651867,0 |
|
Жеке кірістер, оның ішінде: |
4246296,6 |
2629942,0 |
2973050,0 |
3380557,0 |
|
Салықтық түсімдер |
4094773,6 |
2566980,0 |
2908349,0 |
3314136,0 |
|
Салықтық емес түсімдер |
61441,9 |
60430,0 |
62121,0 |
63781,0 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
90081,1 |
2532,0 |
2580,0 |
2640,0 |
|
Жоғары тұрған басқару органдарынан түсетін трансферттер, оның ішінде: |
5176098,6 |
2099802,0 |
5080561,0 |
14271310,0 |
|
Мемлекеттік басқарудың төмен тұрған органдарынан түсетін трансферттер |
59160,2 |
14452,0 |
16487,0 |
20788,0 |
|
Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару |
59160,2 |
|
|
|
|
Бюджеттік алып коюлар |
|
14452,0 |
16487,0 |
20788,0 |
|
Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер, оның ішінде: |
5116938,5 |
2085350,0 |
5064074,0 |
14250522,0 |
|
Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер |
4204284,4 |
2085350,0 |
5064074,0 |
14250522,0 |
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
3137629,1 |
615847,0 |
2187743,0 |
12989844,0 |
|
Нысаналы даму трансферттері |
979878,5 |
|
2817055,0 |
1201402,0 |
|
Заңнаманың қабылдануына байланысты шығындарды өтеуге арналған трансферттер |
86776,8 |
1469503,0 |
59276,0 |
59276,0 |
|
Аудандық бюджеттен берілетін трансферттер |
912654,1 |
|
|
|
|
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
701672,9 |
|
|
|
|
Субвенциялар |
178389,0 |
|
|
|
|
Заңнаманың қабылдануына байланысты шығындарды өтеуге арналған трансферттер |
32592,2 |
|
|
|
Федоров ауданы бюджетінің 2025 жылғы кіріс бөлігі 105,3 % - ға орындалды. Түзетілген түсімдер жоспары кезінде 8947026,3 мың теңге сомасында, іс жүзінде 9422395,5 мың теңге түсті. Оның ішінде 1,2,3 санат бойынша 2025 жылы меншікті кірістер 112,6 % - ға орындалды. Түзетілген түсімдер жоспары кезінде 3770827,2 мың теңге сомасында, іс жүзінде аудандық бюджетке 4246296,6 мың теңге түсті. Аудан бюджетіне қосымша 475469,4 мың теңге түсті. 2025 жылға жоспарланған 35 кіріс көздерінің ішінен түсімдер болжамы барлығы бойынша орындалды.
Ірі кәсіпкерлік субъектілері мен мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, аудан бюджетіне заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығы түсімдердің нақтыланған жоспары кезінде 427778,0 мың теңге сомасында, іс жүзінде 505963,0 мың теңге түсті, бұл орындалудың 118,3 % құрады.
Төлем көзінен салық салынатын табыстардан алынатын жеке табыс салығы түсімдердің нақтыланған жоспары бойынша 1505785,0 мың теңге сомасында, аудан бюджетіне іс жүзінде 1634858,4 мың теңге түсті, бұл орындаудың 108,5 % құрады. Ағымдағы төлемдер.
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығы бір жылға нақтыланған жоспар бойынша 187389,4 мың теңге сомасында, іс жүзінде 247703,9 мың теңге түсті, бұл орындаудың 132,2 % құрады. ЖК табысының өсуі есебінен түсімдердің ұлғаюы.
Төлем көзінен салық салынбайтын шетел азаматтарының табыстарынан алынатын жеке табыс салығы бір жылға нақтыланған жоспар бойынша 406,0 мың теңге болған кезде, іс жүзінде 1014,5 мың теңге түсті, бұл орындаудың 249,9 % құрады. Бюджетке ҚР аумағында алған табысы үшін резидент емес жеке тұлғадан сомалар түсті.
Әлеуметтік салық 109,3 % - ға орындалды, түсімдер жоспары 1011183,0 мың теңге сомасында, іс жүзінде аудандық бюджетке 1141737,0 мың теңге түсті. Ағымдағы төлемдер.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден алынатын мүлік салығы. Есепті жылға жоспар бойынша 194334,0 мың теңге, іс жүзінде 218522,0 мың теңге түсті, бұл орындаудың 112,4 % құрайды. Салық салу объектілерін ұлғайту.
Жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы 107,0 % - ға орындалды. Есепті жылға түсімдер жоспары 2803,9 мың теңге, іс жүзінде 2999,0 мың теңге түсті. Өткен кезеңдердің берешегін, сондай-ақ 2025 жылға арналған төлемдерді төлеу себебінен болжам асыра орындалды.
104302 коды бойынша жер салығы есепті жылға жоспар бойынша 2624,2 мың теңге, іс жүзінде 5287,5 мың теңге түсті, 201,5% орындалды. Өткен кезеңдердің берешегін, сондай-ақ 2025 жылға арналған төлемдерді төлеу себебінен болжам асыра орындалды.
Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық есепті кезеңге түсімдер жоспары 11312,7 мың теңге, іс жүзінде 14188,2 мың теңге түсті, бұл орындаудың 125,4 % құрайды. 2025 жылғы ағымдағы төлемдер.
Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық, бір жылға түсімдер жоспары 73763,5 мың теңге болған кезде, іс жүзінде 85793,7 мың теңге түсті, бұл өткен жылдардағы берешекті төлеу, ағымдағы төлемдер есебінен орындаудың 116,3 % құрады.
2025 жылға арналған жоспар бойынша бірыңғай жер салығының түсу болжамы 34902,9 мың теңге, іс жүзінде 63642,2 мың теңге түсті, бұл орындаудың 182,3 % құрады, ағымдағы төлемдер.
105284 «Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны» коды бойынша түсу жоспары 3058,0 мың теңге болған кезінде, іс жүзінде 3528,8 мың теңге түсті, бұл орындаудың 115,4 % құрады, ағымдағы төлемдер.
Есепті жылға жер учаскелерін пайдаланғаны үшін жоспар бойынша 104375,9 мың теңге мөлшерінде, іс жүзінде 119206,9 мың теңге түсті, бұл орындаудың 114,2 % құрады. Ағымдағы төлемдер.
105402 «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензия бергені үшін алым)» коды бойынша жоспар 1916,0 мың теңге, іс жүзінде 2515,6 мың теңге түсті, бұл орындаудың 131,3 % құрады. Салық салу объектілерін ұлғайту.
105429 «Жергілікті бюджетке есептелетін тіркеу алымы» коды бойынша 2025 жылға жоспар бойынша 1607,0 мың теңге, іс жүзінде 1687,1 мың теңге түсті, бұл орындаудың 105,0 % құрады. Түсімдер бір реттік сипатта болды.
105434 «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлем» коды бойынша түсімдер жоспары 9100,0 мың теңге болған кезде, іс жүзінде 10236,6 мың теңге түсті, бұл орындаудың 112,5 % құрады.
Жергілікті бюджетке есептелетін мемлекеттік баж жоспар бойынша 35888,7 мың теңге, іс жүзінде 31123,0 мың теңге мөлшерінде түсті, бұл 115,3 % орындалды. Алым мөлшері болжанбайды, ХҚКО-ға жүгінгендердің санына байланысты.
201509 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жалға беруден түсетін кірістер» коды бойынша бір жылға нақтыланған жоспар 1295,0 мың теңге болған кезде, іс жүзінде 1356,4 мың теңге түсті, бұл 104,7 % орындалды.
201510 «Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншіктегі мүлкін жалға беруден түсетін кірістер» коды бойынша жоспар 484,0 мың теңге, іс жүзінде 558,0 мың теңге түсті, орындалу 115,5 % құрады.
201713 «Жергілікті бюджеттен жеке тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттер бойынша өсім» коды бойынша жоспар 28,8 мың теңге, іс жүзінде 88,4 мың теңге түсті.
201910 «Коммуналдық меншіктегі жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлем» коды бойынша жоспар 41,0 мың теңге, іс жүзінде 40,9 мың теңге түсті. Бір реттік төлем.
203102 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері» коды бойынша жоспар 1257,2 мың теңге, іс жүзінде 1552,9 мың теңге түсті.
204114 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» коды бойынша жоспар бойынша 727,0 мың теңге іс жүзінде 727,4 мың теңге түсті. Айыппұлдар салынған кездегі төлемдер.
204118 «Жергілікті бюджеттен мамандандырылған ұйымдарға, жеке тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» коды бойынша жоспар 165,0 мың теңге, іс жүзінде 182,3 мың теңге түсті. Айыппұлдар салынған кездегі төлемдер.
206109 «Жергілікті бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер» коды бойынша жоспар 28008,4 мың теңге болған кезде, іс жүзінде 28627,5 мың теңге түсті, бұл орындаудың 102,2 % құрады. Бір реттік төлемдер.
301102 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер» коды бойынша жоспар 8792,6 мың теңге, іс жүзінде 17536,7 мың теңге түсті. Бір реттік төлемдер.
301103 «Пәтерлерді сатудан түсетін түсімдер» коды бойынша жоспар 37386,0 мың теңге, іс жүзінде 37386,0 мың теңге түсті.
301107 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіруден түсетін түсімдер» коды бойынша түсім жоспары 3311,0 мың теңге, іс жүзінде 3926,5 мың теңге түсті.
303101 «Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер» коды бойынша түсімдер жоспары 5575,4 мың теңге болған кезде, іс жүзінде 7874,5 мың теңге түсті, бұл 141,2 % құрады. Бір реттік төлемдер.
303202 «Жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем» коды бойынша түсім жоспары 18817,0 мың теңге, іс жүзінде 23357,3 мың теңге түсті.
2026 жылы бюджетке түсетін салықтық түсімдердің құрылымы
2026 жылға арналған бюджетке салықтық емес түсімдердің құрылымы
Аудан бюджетінің шығыстары
|
Атауы |
2025 жыл факт |
2026 жыл бағалау |
2027 жыл болжам |
2028 жыл болжам |
|
ШЫҒЫНДАР - барлығы, оның ішінде: |
10236443,3 |
3543683,0 |
8053611,0 |
17651867,0 |
|
Мемлекеттік қызметтер |
1630725,5 |
551704,0 |
1975179,0 |
1733728,0 |
|
Қорғаныс |
12944,6 |
14190,0 |
14616,0 |
14908,0 |
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру |
264902,6 |
228559,0 |
231357,0 |
236900,0 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
2617502,2 |
|
2155533,0 |
|
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк |
798682,9 |
619902,0 |
637809,0 |
786428,0 |
|
Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану |
30414,4 |
|
661522,0 |
1065137,0 |
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
53522,8 |
48429,0 |
49951,0 |
51094,0 |
|
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі |
113258,8 |
28060,0 |
28902,0 |
29480,0 |
|
Көлік және коммуникация |
2873309,9 |
782420,0 |
950452,0 |
12008558,0 |
|
Басқалар |
285654,6 |
58960,0 |
66105,0 |
74535,0 |
|
Қарызға қызмет көрсету |
115198,4 |
284179,0 |
60175,0 |
60110,0 |
|
Трансферттер |
1440326,6 |
927280,0 |
1222010,0 |
1590989,0 |
|
|
|
|
|
|
|
Бюджеттік кредиттер |
161922,0 |
69200,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Бюджеттің тапшылығы (профициті) |
-951056,2 |
1172942,0 |
53466,0 |
52126,0 |
|
Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) |
951056,2 |
-1172942,0 |
-53466,0 |
-52126,0 |
|
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
65536,5 |
56081,0 |
53466,0 |
52126,0 |
2026 жылы аудан бюджетінің қаражаттарын жұмсаудың
негізгі бағыттары