«Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің 2025 жылғы 12 айдағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі
|
1. Жалпы ережелер
|
||
|
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: |
1. «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ (бұдан әрі – кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі) - кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, техникалық инспекция) саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады 2. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Федоров ауданының әкімдігі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің құрылтайшысы болып табылады. 4. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. 5. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. 6. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. 7. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8.Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. 11. Ереже кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады. 12.Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті (аудандық) бюджеттер қаражатынан жүзеге асырылады. 13. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: |
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны |
2025 - 4 |
|
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
1 |
|
|
тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
1 - тегін; 2 - ақылы; 1 - ақылы/тегін |
|
|
қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны |
4– электрондық/қағаз |
|
|
бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету ережелерінің саны |
4 мемлекеттік қызметтер көрсету ережесі |
|
|
3) Ең көп көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: |
2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылдың 12 айында Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі барлығы 2222 мемлекеттік қызмет көрсетті (ЭҮП арқылы – 42 мемлекеттік қызмет), 2024 жылы - 1974 мемлекеттік қызмет көрсетті (ЭҮП арқылы – 46 мемлекеттік қызмет). - «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру» - 195 мем. қызмет; -«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тіркеу есебінен шығару» - 505 мем. қызмет; -«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін, ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге беруді мемлекеттік тіркеу» - 42 мем. қызмет; - «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» - 1480 мем. қызмет. |
|
|
2. Қызмет алушылармен жұмыс
|
||
|
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпаратқа қол жеткізу орындары мен көздері туралы мәліметтер:: |
Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, Федоров ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне, мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына, Федоров ауданы әкімдігінің көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдарының байланыс телефондарына сілтемелер орналастырылған, олар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болады. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде нормативтік құқықтық актілермен, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдармен стендтер ресімделді, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге жауапты лауазымды тұлғалар анықталды. |
|
|
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары жобаларын жария талқылау туралы ақпарат |
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының жобаларын қоғамдық талқылауды жүргізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді. |
|
|
3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинары, кездесулер, интервьюлер және басқалар) |
- |
|
|
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін жетілдіру бойынша қызмет |
||
|
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыружәне автоматтандыру нәтижелері |
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсер етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі жеңілдетілді, мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде мерзімдер мен әкімшілік кедергілер қысқартылды.
|
|
|
2)Мемлекеттік көрсетілетінқызметтер саласының қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар |
Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында құқықтық жалпыға бірдей оқыту бойынша сабақтар өткізіледі, онда өзекті тақырыптар қаралады, мамандар халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесімен жұмыс жөніндегі семинарларға қатысады. |
|
|
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау
|
||
|
1)Мемлекеттік көрсетілетінқызметтер мәселелері бойынша қызмет алушының арыздары туралы ақпарат. |
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар бөлімге келіп түскен жоқ және қаралмады. |
|
|
2)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау нәтижелері. |
2025 жылғы 29 шілдеде Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде Федоров ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің қызмет көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының бекітілген жоспарына сәйкес бақылау іс-шарасы өткізілді. 2025 жылғы 27 мамырда Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде Федоров ауданы әкімі аппаратының бөлімшесімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша жоспардан тыс бақылау іс шарасы өткізілді.
|
|
|
3)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына бақылау және бағалау бойынша уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына бақылау және бағалаудың нәтижелері |
2025 жылы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган бақылау іс-шараларын өткізген жоқ.
|
|
|
4)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторингтің нәтижелері |
2025 жылғы 28 мамырда кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілді.
|
|
|
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қызмет алушылардың қанағаттандығын арттыру және әрі қарай тиімділігінің келешегі |
||
|
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру болып табылады. Жалпы, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтер санын ұлғайту бойынша оң үрдіс байқалады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған, мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толық бағдарлана отырып, жұмыс жалғастырылатын болады. |
||