Қауымдық сервитут белгілеу туралы

ЖОБА

Қауымдық сервитут

белгілеу туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының                                  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына сәйкес Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылдық округі, Федоров ауылының аумағында орналасқан газ құбырына қызмет көрсету мақсатында жалпы алаңы 9,1763 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Федоров ауданы

Федоров ауылдық округінің әкімі                                         В. Воробкало

 

 

Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Дата публикации
04 декабря 2020