Федоров ауданының 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

Федоров ауданының  2025  жылғы  қаңтар-қыркүйек айлары ішіндегі

әлеуметтік-экономикалық  даму  қорытындылары  

туралы  ақпарат

 

Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі  6500,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер  3397,8 млн. теңге.

1, 2 және 3 санаттағы кірістер  2413,3  млн. теңге жоспар бойынша,  2957,8 млн. теңге сомасына немесе 122,6 % атқарылды, жоспардан тыс  544,5 млн. теңге келіп түсті.

Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі 6351,6 млн. теңге жоспар бойынша,  6346,2 млн. теңгеге немесе  99,9 %  атқарылды.   

2025 жылғы 1  қазанға өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 124,3 %  құрайды.  

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі  3254,9  млн. теңгені құрайды, бұл      2024 жыл деңгейінен  84,4 млн. теңгеге төмен. Ауданның облыс өнеркәсіптік өнімі көлеміндегі үлес салмағы  0, 1  %  құрайды.

Есептік кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 115,4 %  құрайды.  

Барлық санаттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 37937,6 млн. теңгені құрайды, бұл 2024 жылғы деңгейден               9611,0 млн. теңгеге жоғары. Оның ішінде:

Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта)  2313,7 тонна немесе 2024 жылдың  деңгейіне 97,2 %, сүт  27234,7  тонна немесе 106,6 %, жұмыртқа 1579,0 мың дана немесе 89,6  %  өндірілді.

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ІҚМ саны 697 басқа көбейді және 23,9 мың басты немесе 2024 жылдың  деңгейіне 103 %, оның ішінде сиыр басы 3 басқа азайды және 2024 жылдың деңгейіне 100 % құрайды. Жылқы басы 1,6 % көбейді және 4,7 мың басты құрайды, шошқа басы 57 басқа немесе 1 % азайды және 6,0 мың басты құрайды.

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішіндегі көтерме тауар айналымының көлемі 7911,6 млн. теңгені құрайды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен  5623,8 млн. теңгеге көбірек. НКИ  335,4  %  құрайды.

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары ішіндегі бөлшектік тауар айналымының қөлемі  3917,2  млн. теңгені құрайды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен  312,3 млн. теңгеге көбірек. НКИ 100,2  %  құрайды.

Экономикалық өсуді айқындайтын негізгі нысаналы индикаторлардың бірі, инвестициялар тарту болып табылады.

Негізгі  капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі          101,3 %  құрайды. 

Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 2 % құрайды. Ауданға 9074,0 млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды, бұл  2024 жылдан  434,0 млн. теңгеге көбірек (2024 жылы-8640,0 млн.теңге). Республикалық бюджет есебінен 1567,0 млн. теңге,  жергілікті бюджет есебінен  3178,0 млн.теңге салынды, кәсіпорындар қаражаты есебінен 2828,0 млн. теңге салынды, банктің кредиттері мен басқа да қарыз қаражаттары 1501,0 млн. теңгені құрады.

Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.

        2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру 2202 шаршы метрді құрады, бұл 2024 жылғы деңгейден 597 шаршы метрге төмен.   НКИ 78,7 % құрады.

        2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары ішіндегі құрылыс жұмыстарының көлемі  5043,0 млн. теңгені құрайды, бұл  2024 жылдан 1493,0 млн. теңгеге көбірек. НКИ  138,6 % құрады.  

Өмір деңгейі. Статистикалық деректер бойынша 2025 жылдың                   қаңтар-маусым аралығында орташа айлық жалақы 278 860 теңгені құрады, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37 630 теңгеге немесе 15,6 % көбірек.

 

 

«Федоров ауданының экономика

және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                               С. Завощенко

 

 

Федоров ауданының 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Дата публикации
22 апреля 2026