Федоров ауданының 2026 жылғы қаңтар-наурыз айлары ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

Федоров ауданының  2026  жылғы  қаңтар-наурыз айлары ішіндегі

әлеуметтік-экономикалық  даму  қорытындылары  

туралы  ақпарат

 

Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі  1281,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер  80,5 млн. теңге.

1, 2 және 3 санаттағы кірістер  677,7  млн. теңге жоспар бойынша,  932,9 млн. теңге сомасына немесе 137,7 % атқарылды, жоспардан тыс  255,2 млн. теңге келіп түсті.

Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі  2023,6 млн. теңге жоспар бойынша,  2023,6 млн. теңгеге немесе  100 %  атқарылды.   

2026 жылғы 1  сәуірге өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 78,8 %  құрайды.  

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі  1211,8  млн. теңгені құрайды, бұл      2025 жыл деңгейінен  241,7 млн. теңгеге жоғары. Ауданның облыс өнеркәсіптік өнімі көлеміндегі үлес салмағы  0, 2  %  құрайды.

Есептік кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 124 %  құрайды.  

Барлық санаттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 4101,3 млн. теңгені құрайды, бұл 2025 жылғы деңгейден               1362,5 млн. теңгеге жоғары. Оның ішінде:

Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта)  945,3 тонна немесе 2025 жылдың  деңгейіне 114,2 %, сүт  9915,7  тонна немесе 133,8 %, жұмыртқа 192,1 мың дана немесе 101,1  %  өндірілді.

2026 жылғы 1  сәуірдегі жағдай бойынша ІҚМ саны 414 басқа көбейді және 24,4 мың басты немесе 2025 жылдың  деңгейіне 101,7 %, оның ішінде сиыр басы 833 басқа көбейді және 2025 жылдың деңгейіне 107,5 % құрайды. Жылқы басы 1,4 % көбейді және 5,1 мың басты құрайды, шошқа басы 423 басқа немесе 5,9 % азайды және 6,7 мың басты құрайды.

2026 жылдың қаңтар-наурыз айлары ішіндегі көтерме тауар айналымының көлемі 3004,8 млн. теңгені құрайды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңінен  95,4 млн. теңгеге аз. НКИ  88,4  %  құрайды.

2026 жылдың қаңтар-наурыз айлары ішіндегі бөлшектік тауар айналымының қөлемі  1332,8  млн. теңгені құрайды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңінен  183,9 млн. теңгеге көбірек. НКИ 105,6  %  құрайды.

Экономикалық өсуді айқындайтын негізгі нысаналы индикаторлардың бірі, инвестициялар тарту болып табылады.

Негізгі  капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі          125,6 %  құрайды. 

Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 1,8 % құрайды. Ауданға 1271,0 млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды, бұл  2025 жылдан  317,0 млн. теңгеге көбірек (2025 жылы - 954,0 млн.теңге). Жергілікті бюджет есебінен  13,0 млн.теңге салынды, кәсіпорындар қаражаты есебінен 931,0 млн. теңге салынды, банктің кредиттері мен басқа да қарыз қаражаттары 327,0 млн. теңгені құрады.

Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру 2267 шаршы метрді құрады, бұл 2025 жылғы деңгейден 1996,0 шаршы метрге көбірек.   НКИ 836,5 % құрады.

2026 жылғы қаңтар-наурыз айлары ішіндегі құрылыс жұмыстарының көлемі  156,0 млн. теңгені құрайды, бұл  2025 жылдың өткен кезеңінен 505,0 млн. теңгеге төмен. НКИ  22,3 % құрады.  

Өмір деңгейі. Статистикалық деректер бойынша 2025 жылдың                   қаңтар-желтоқсан аралығында орташа айлық жалақы 291 580 теңгені құрады, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 32 541 теңгеге немесе 12,6 % көбірек.

 

 

«Федоров ауданының экономика

және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                               С. Завощенко

 

 

Федоров ауданының 2026 жылғы қаңтар-наурыз айлары ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Дата публикации
22 апреля 2026