Федоров ауданының 2025 жылғы қаңтар-маусым айлары ішіндегі
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
туралы ақпарат
Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 2650,3 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер 612,8 млн. теңге.
1, 2 және 3 санаттағы кірістер 1604,8 млн. теңге жоспар бойынша, 1892,7 млн. теңге сомасына немесе 117,9 % атқарылды, жоспардан тыс 287,9 млн. теңге келіп түсті.
Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі 2543,4 млн. теңге жоспар бойынша, 2351,8 млн. теңгеге немесе 92,5 % атқарылды.
2025 жылғы 1 шілдеге өнеркәсіп өнімдерінің НКИ 119,3 % құрайды.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2129,9 млн. теңгені құрайды, бұл 2024 жыл деңгейінен 210,8 млн. теңгеге төмен. Ауданның облыс өнеркәсіптік өнімі көлеміндегі үлес салмағы 0, 1 % құрайды.
Есептік кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 103,2 % құрайды.
Барлық санаттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 7158,4 млн. теңгені құрайды, бұл 2024 жылғы деңгейден 861,9 млн. теңгеге жоғары. Оның ішінде:
Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта) 1701,3 тонна немесе 2024 жылдың деңгейіне 103,6 %, сүт 18615,5 тонна немесе 106,5 %, жұмыртқа 529,2 мың дана немесе 73,1 % өндірілді.
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ІҚМ саны 100 басқа көбейді және 24,8 мың басты немесе 2024 жылдың деңгейіне 100,4 %, оның ішінде сиыр басы 98 басқа көбейді және 2024 жылдың деңгейіне 100,9 % құрайды. Жылқы басы 2,1 % көбейді және 4,7 мың басты құрайды, шошқа басы 26 басқа немесе 0,5 % көбейді және 5,4 мың басты құрайды.
2025 жылдың қаңтар-маусым айлары ішіндегі көтерме тауар айналымының көлемі 6252,2 млн. теңгені құрайды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 5259,1 млн. теңгеге көбірек. НКИ 598 % құрайды.
2025 жылдың қаңтар-маусым айлары ішіндегі бөлшектік тауар айналымының қөлемі 2611,2 млн. теңгені құрайды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 217,5 млн. теңгеге көбірек. НКИ 101 % құрайды.
Экономикалық өсуді айқындайтын негізгі нысаналы индикаторлардың бірі, инвестициялар тарту болып табылады.
Негізгі капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі 102,9 % құрайды.
Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 1,8 % құрайды. Ауданға 5033,0 млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды, бұл 2024 жылдан 304,0 млн. теңгеге көбірек (2024 жылы-4729,0 млн.теңге). Республикалық бюджет есебінен 476,0 млн. теңге, жергілікті бюджет есебінен 2427,0 млн.теңге салынды, кәсіпорындар қаражаты есебінен 1651,0 млн. теңге салынды, банктің кредиттері мен басқа да қарыз қаражаттары 479,0 млн. теңгені құрады.
Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру 939 шаршы метрді құрады, бұл 2024 жылғы деңгейден 592 шаршы метрге артық. НКИ 232,6 % құрады.
2025 жылғы қаңтар-маусым айлары ішіндегі құрылыс жұмыстарының көлемі 2144,0 млн. теңгені құрайды, бұл 2024 жылдан 1244 млн. теңгеге көбірек. НКИ 232,6 % құрады.
Өмір деңгейі. Статистикалық деректер бойынша 2024 жылдың қаңтар-наурыз аралығында орташа айлық жалақы 254 794 теңгені құрады, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27 250 теңгеге немесе 12,0 % көбірек.
«Федоров ауданының экономика
және қаржы бөлімі» ММ басшысы С. Завощенко